<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><title>Тыңдашы әке, бірер сәтке ұлыңды РӘЖ133</title>
<lyrics>[V1]
.   Am             Dm          Am
 Тыңдашы әке, бірер сәтке ұлыңды,
.       Am              Dm    E7
 Өзіңе арнап кіші-гірім жырымды.
.      Dm               A
 Құлақ салшы, Ізгі хабар айтайын,
.      Dm          E7           Am
 Бұл туралы естіп пе едің бұрын-ды?

[V2]
 «Сен кімсің?» деп баласынып, сөкпеші,
 Аз өміріңді ысырап қып төкпеші.
 Құдай бізге жіберіпті Мәсіхті,
 Мәсіхсіз сен о дүниеге өтпеші.

[V3]
 Құдай беріп Құтқарушы Мәсіхті,
 Көкке кірер «есікті» Ол ашыпты.
 Ашық есік жабылмастан тұрғанда,
 Тәубе қылып, тез кіруге асықшы.

[V4]
 Мына өмірдің мәні жайлы ойлашы,
 Бар ма екен мағынасы, пайдасы?
 Жанбағыс та, күнкөріс те болар-ау,
 Бірақ Мәңгі өмірден құр қалмашы.

[V5]
 Сен де ойлашы, тағдырыңды анашым,
 Құдайға тек Исаменен барасың.
 Иса арқылы тәубе қылсаң Құдайға,
 Сонда ғана жан тыныштық табасың.

[V6]
 Күнәмізден жалығыпты Ол, жеріпті,
 Құтқаруға Иса болып келіпті.
 Адамзатты сүйгендігі соншалық,
 Өзін-өзі құрбандыққа беріпті.

[V7]
 Бізді өсіріп, бақтың, қақтың, баптадың,
 Әдет-ғұрып, ырымдарды сақтадың.
 Осылайша құтқарылам дейсің сен,
 Бірақ бұлай құтқарылу таппадың.

[V8]
 Алла дейсің, дұрыс, бірақ сол Алла,
 Берген екен бар билікті Исаға.
 Сен де аласың кешірім мен мәңгі өмір,
 Исаға кел, жалтақтама, жасқанба.</lyrics>
<hymn_number>133</hymn_number>
<key>C</key>
</song>